You are here

Бос лауазымға конкурс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Барлық мемлекеттік қызметкерлері арасында «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: Жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;* 5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 282

112 431

 

 

 

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ, 140000, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 22, pavlodar1@pravstat.kz анықтамалар үшін телефон: (8-7812) 53-68-38бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдары бойынша жалпы конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының бас маман-есепші лауазымына (1 бірлік, №05-4, С-О-5-санаты).

Функционалдық міндеттері: Барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларға, жедел ақпараттарға бақылау жасайды және бухгалтерлік есепте көрсетілуін қамтамасыз етеді;  Орнатылған тәртіпте енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, ашық лимиттер мен бюджет бойынша бекітілген шығыс сметаларымен сәйкес қаражаттың тиімді жұмсалуына, сонымен қатар қаржы құралдары мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізеді; Орнатылған мерзімде еңбекақыны есептеп, төлемді жүзеге асырады; Орнатылған мерзімде қаржылық есептерді құрастырып, ұсынады; Активтер, МБП және т.б. материалдық құндылықтардың сақталуына, бұзылмауына бақылау жасайды; Қаржы құралдарының, есептердің және материалдық құндылықтарды түгендеуге және олардың есепте көрсетілуіне қатысады; Веб-порталда мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуына, сонымен қатар жоспарланған және өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алулар, тауарлар мен қызмет көрсетулер туралы ақпаратты орналастырудың орындалуына бақылау жүргізеді; Қолма-қол қаржының мақсатты жұмсалуын бақылайды; Салық есептерін жүргізудің мерзімдерін бақылайды және Салық Комитетімен салыстыру жүргізеді; «Қазынашылық-Клиент» мемлекеттік мекемесімен электронды құжат алмасуды қамтамасыз етеді; Шаруашылық және тұрмыстық мәселелерді шешеді.

Білімі -  экономика және бизнес салаларындағы жоғары.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; тиісті қызметкерлер құрамын басқару қызметі куәландырған қызметтік тізім) мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «Е-қызмет» ыңғайластырылған ақпарттық жүйесіне құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар одан кандидаттарға әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ, 140000, Павлодар қаласы, Мир көшесі, 22 үйде өтеді. Бұл лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтерме шығыстар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшысының келісімімен конкурстық комиссия отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, өзге мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органдардың қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшылар ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкерлері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада еңбек тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ қызметкерлер құрамын іріктеу және ілгерілету жөніндегі мамандар, өзге мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттары шығады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағым бере алады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.