You are here

Бизнесті қорғау: полицейлердің 600 нұсқамасы жойылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еліміздің кәсіпкерлері Бас прокуратураның Комитеті ұсынған бизнесті тексерудегі мемлекеттік органдар жасаған бұзушылықтар туралы хабарлау жүйесін белсенді түрде  қолдана бастады.

Ақпараттық қызмет арқылы түсетін нақты уақыт режиміндегі хабарламаны прокурорлар құқықтық статистика органдары қызметкерлерімен бірлесе отырып тексереді.

Осындай тексерулердің нәтижесінде қазіргі таңда ішкі істер органдары қызметкерлерімен негізсіз шығарылған 600 нұсқамадан бас тартылды.

Мысалы, ү.ж. қаңтар айында Жамбыл облысының кәсіпкерлерінен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің  заңсыз әрекеттері туралы 19 хабарлама келіп түскен. 

Полиция қызметкерлерінің көбінесе өз құзіреттері шегінен шығып, заң шеңберінен тыс талаптар қоятындығы анықталды.

Осындай жағдайлардың бірі «Заурбек» жанар-жағар май бекетінің  егесімен орын алған. Жамбыл облысы ішкі істер органы қызметкері  тексеруден кейін бейнебақылау камерасын, терезе мен есікке темір қоршау орнату, сондай-ақ тиісті келісім шарт жасасу арқылы тәулік бойына күзетті қамтамасыз ету сияқты негізсіз талаптар қоя отырып, объектінің техникалық беріктігі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарған.

Полиция қызметкері бұл мәселелер бойынша тексеру жүргізу оның құзіретінде еместігін ескермеген. Нұсқама бұзылды, ал кінәлі қызметкерлер алатын жазасын күтуде.

         Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері туралы  http://service.pravstat.kz/ сілтемесі арқылы хабарлай аласыз.

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.