You are here

Баспасөз ақпараты елдегі жол апаттылығы мен жарақаттанушылық жағдайы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Желтоқсан айында мемлекетте 1 669 жол көлік оқиғасы (ЖКО) орын алды, онда 2 428 адам зардап шегіп, оның ішінде 215 адам қаза тапты. Өткен айда ең көп ЖКО Алматы қаласында (431) болған.

Алматы қаласының Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысы апаттылық ең көп орын алатын жол бөлігі болды, ол жерде 14 ЖКО жасалып, 29 адам зардап шекті, Ташкент көшесіде ең қауіпті болып отыр, онда 6 адамның қаза болуына әкеп соққан 6 ЖКО орын алды.

Қаза болу бойынша Алматы облысы алдыңғы орында, онда 44 адам жол апатынан қаза болған.

Ең үлкен ЖКО Ақмола облысында тіркелген.

Атап айтқанда, 04.12.2016 жылы «VAN HOOL» маркалы автобус  жүргізушісі «Щучинск-Астана» тас жолының  211 км-де, ауа-райының қолайсыздығынан  бұрқасын боран мен жолдың тайғақ болуынан, рульге ие бола алмай, алдында  келе жатқан «Nissan-Цефиро» маркалы автобуспен қақтығысып, ол өзінің инерциясымен осы бағытта келе жатқан «ВАЗ-2106» маркалы автокөлікке соқтығысқан, нәтижесінде 12 жолаушы зардап шекті.

Желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) 13 809 адам жауапкершілікке тартылды, ал жыл басынан бастап 71 074 адам жауапкершілііке тартылса, оның 65 059-ына 1,4 млрд теңге мөлшерінде айыппұл салынған, 5989-ы көлік құралдарын жүргізу туралы арнайы құқығынан айырылды, 26 адамға әкімшілік қамау шарасы қолданылды, 2963-і арнайы құқығынан айыру туралы қосымша шараға тартылды.

ҚР ҚК 345-бабы бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қараша айында 14 азамат жауапкершілікке тартылды, жыл басынан бастап 4 447, оның ішінде 1 219-ы сотталды.

2016 жылы еліміздің жолында барлығы 17 974 ЖКО орын алды, оның ішінде 25 779 адам зардап шекті, оның ішінде 2 390 адам қаза тапты, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жол көлік апаттылығының деңгейі 5%-ға төмендеді.

Қазақстанда тіркелген ЖКО туралы толығырақ ақпаратты Апаттылық картасынан білуге болады, ол http://service.pravstat.kz/portal мекенжайы бойынша Бас прокуратура Комитетінің сайтында «Ақпараттық сервис» бөлімінде  қолжетімді.

Сондай-ақ, Комитеттің сайтында көлік құралының адамдардың қаза болуына немесе жарақаттануына әкеп соққан ЖКО-ға қатысқандығы туралы ақпаратты ұсыну сервисі қызмет етеді.

 

 

 ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.