Бас прокуратураның Комитетімен көрсетілетін мемлекеттік қызметті шамамен 1,4 миллион азамат пайдаланды | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

You are here

Бас прокуратураның Комитетімен көрсетілетін мемлекеттік қызметті шамамен 1,4 миллион азамат пайдаланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың басынан бастап Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (әрі қарай-Комитет) азаматтарға шамамен 1,4  млн. қызмет көрсетті.

Азаматтар көбінесе соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға жиі  жүгінеді - 1,3 млн. рет.

Ағымдағы жылда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 93 мың анықтама, ал  мұрағаттық 2 082 анықтама берілді. 
Ресми құжаттарға  8 766 рет апостиль жасалды.
Комитетпен және оның аумақтық органдарымен 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетінін еске саламыз.
1. Тұлғаның  әкімшілік құқық бұзушылық жасауы туралы мәлімет беру  (анықтама 10 минуттан 3 жұмыс күн аралығында беріледі);
2. Прокуратура органдарынан,  тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу
(3 күннен бастап 17 күнтізбелік күн аралығында жүзеге асырылады);
3. Комитеттің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шегінде мұрағаттық анықтамалар және/болмаса мұрағаттық құжаттардың
 көшірмесін беру (30 күнтізбелік күн ішінде беріледі);
4. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру (5 жұмыс күн ішінде беріледі).

  Алғашқы үш қызмет «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) және Комитеттің аумақтық басқармалары арқылы көрсетіледі.

  Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама тек, ХҚКО немесе электрондық үкімет Веб-порталы арқылы беріледі.

Барлық қызметтер, ресми құжаттарды апостильдеуден басқасы ақысыз түрде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабына сәйкес, құжатты апостильдеу үшін мемлекеттік баж салығы айлық есептік көрсеткіштің 50% құрайды. Ағымдағы жылы бұл сома 1 203 теңгені құрады.

Құжаттардың толықтығы мен нақтылығына Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен оларды қабылдау кезінде, оның ішінде мемлекеттік баж салығын төлеудің дұрыстығына тексеру жүргізіледі.

Бұл ретте, еліміздің барлық аймақтарында құжаттарды апостильдеу үшін, мемлекеттік баж салығы келесі реквизиттер бойынша төленетініне азаматтардың назарын аударамыз: Алматы қаласының Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, ж/ш 108125, ҚР ҚМ kkmfkz2a е/ш kz24070105 ksn0000000 ббн 981140001105 КНП 911, 991.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.