You are here

Бас прокуратураның Комитеті және Krisha.kz бірегей интерактивті қылмыстылық картасын іске қосты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Krisha.kz-пен бірлескен жоба - Қазақстан Республикасының интерактивті қылмыстық картасының іске қосылғандығы туралы хабарлайды.

 

Krisha.kz сайтында Қазақстанның кез-келген қаласында 1 метрге дейінгі нақтылықпен нақты бір үйдің немесе тұрғын үй кешенінің, көшенің немесе ауданның («квадраттың») қылмыстылық деңгейін бақылауға болады.

 

«Біздің сайтымызда бүкіл ел бойынша қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың статистикасын көруге болатын интерактивті карталар бар. Алайда біз жеке бірлескен жобаны жүзеге асыруды қолға алдық, себебі Krisha.kz сайты Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бойынша ең ауқымды әрі танымал сайт болып табылады. Осы жоба арқылы біз қазақстандықтарға әлемдегі жетекші елдерде ұқсасы жоқ инновациялық сервис ұсынып отырмыз. Келешекте осындай сервисті Kolesa.kz сайтында да жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз» - деді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Бағдат Мусин.

 

«Біз қазақстандықтарға жылжымайтын мүлікті алған уақытта немесе жалға алған кезде дұрыс шешім қабылдау үшін мүмкіндігінше пайдалы ақпарат беруге тырысамыз. Бас прокуратураның бұл бастамасын біз қуана қолдадық және бірегей жобаны жүзеге асырдық. Ендігі уақытта, Krisha.kz сайтында өздеріне баспана іздей отырып, біздің пайдаланушылар жалпы алғанда осы не басқа үйде немесе аудандағы жағдайдың қаншалықты тыныш екендігін және алдын-ала қандай қауіпсіздік шаралары қажет болатындығын бағалай алады» - деді «Колеса» ЖШС Директоры Николай Бабешкин.

 

Бұл жоба халық үшін олардың тұрғын үй кешендерінде, аулаларында немесе аудандарында жасалған қылмыстар туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді, себебі құқық бұзушылықтар туралы ақпарат 1 сағат ішінде жаңартылады, ал бұл кейін құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында қоғамдық бақылаудың нығаюына әсер ететін болады.

 

 

 

 

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

+7 (7172) 31-74-56

press@kgp.kz

Бас прокуратураның Комитеті және Krisha.kz бірегей интерактивті қылмыстылық картасын іске қосты - 536431808
Бас прокуратураның Комитеті және Krisha.kz бірегей интерактивті қылмыстылық картасын іске қосты - 2039296286
Бас прокуратураның Комитеті және Krisha.kz бірегей интерактивті қылмыстылық картасын іске қосты - 1555418052

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.