You are here

Бас прокуратурада "Е-қылмыстық іс" жобасы таныстырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада "Е-қылмыстық іс" жобасы таныстырылды  - 1298756948

 

2017 жылдың 14 тамызы, Астана қаласы.   Бас прокуратурада ведомствоаралық жиналыс өтті,  онда Жоғары Соттың, ІІМ, Қаржы министрлігінің, МҚІСҚА өкілдерімен  бірқатар өңірлерде Электронды қылмыстық істі және оның пилоттық сынақтан өткізілуін енгізу мәселелері талқыланды.

Жоба Мемлекет Басшысының елімізде сандық технологияларды дамыту туралы Жолдауы аясында жүзеге асырылуда.

Осы мақсатпен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бюджеттен қосымша шығынсыз "Е-қылмыстық іс" бағдарламасы әзірленді.

Бағдарлама қылмыстық процесстің барлық сатысын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкімі орындалғанға дейін.

Бағдарламаның сапалы енгізілу мақсатында а.ж. 11 тамызында жоғарыда аталған ведомстволармен бірлескен бұйрыққа қол қойылды және ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

А.ж. 15 тамызынан бастап бағдарламаны бірінші болып Астанада және Жамбыл облысында сынақтан өткізеді, 10 қыркүйектен бастап – Атырау және Шығыс-Қазақстан облысында, ал 20 қыркүйектен бастап – Батыс және Оңтүстік-Қазақстан облысында.

Электронды қылмыстық істің берері не?

a) қылмыстық істі бұрмалау болмайды, істер жоғалмайды;

б) қажеті жоқ, артық қағаздан құтыламыз.

в) электронды форматқа көшсек, істер бұдан да тезірек тергелмек. Өйткені, құжаттар орталық пен аудандар арасында апталап жүрмейді. Жүйеде 100 шақты процессуалдық құжаттың шаблоны болады. Соттан санкцияны электронды түрде алуға болады;

г) аналитика күшейеді. Әрбір қылмыстық іске терең үңіліп, дұрыс практиканы қалыптастыруға мүмкіндік ашылмақ;

д) жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай қаралып жатқанын кез-келген уақытта онлайн режимде көре алады. Бұл бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды;

ж) электронды шағымдар модулі жұмыс істей бастайды. Ол дегеніміз тараптар тергеушінің іс-әрекетіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн тексере алады. Қазір пилоттық жоба барлық құқық қорғау органдары бойынша бірнеше облыстарда басталып кетті.

Бағдарлама бөгде адамдардың қылмыстық іс материалдарына рұқсатсыз қол жеткізуінен, соның ішінде жүйенің әкімшілерінен жоғары дәрежелі қорғайды. Істің материалдарына қол жеткізу тек қана істі жүргізетін тергеушіде және прокурорда болады.

 

ҚР БП Баспасөз қызметі

+7 7172 31 67 58

press@kgp.kz

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.