You are here

Бас прокуратурада бірінші жартыжылдықтың жұмысы қорытындыланды және Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

21 шілде 2017 жыл, Астана.  Бас прокуратурада 2017 жылдың 1-ші жартыжылдық жұмысы қорытындыланып, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында көзделген стратегиялық тапсырмалары талқыланды.

Ж.Асанов Конституцияның прокуратура туралы 83-бабына 22 жылдың ішінде алғаш рет өзгерістер енгізілгенін, жаңа Заң қабылданғанын атап өтті. Бұлардың барлығы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам, бизнес пен мемлекет мүддесін қорғаудағы жұмыстарды күшейтуге бағытталған.

Алдағы кезеңге тапсырмалар айқындалды:

1. Конституцияда бекітілгендей мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүргізу міндетін сапалы іске асырып, процессуалдық прокурорлардың ролін арттыру арқылы  олардың назарын қылмыстық процеске барынша аудару.

2. Е-қылмыстық пен Е-әкімшілік іс ақпараттық жүйелері мен «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйелерді одан әрі енгізуді жалғастыру. Бұл жүйелер істер бойынша өндірістің сапасын арттырады, қажетсіз құжат айналымын азайтады, іс материалдарын бұрмалауға жол бермейді, барлық сатыда уақыт үнемдейді, сондай-ақ  істі жүргізу сатысы мен сотқа жөнелту кезіндеде процестік олқылықты болдырмайды.

3. Азаматтардың өтініштерін қарау барысында жаңа әдістерді, оның ішінде өңірлерде Құқық қорғау қызметтері орталықтарын ашуды жүзеге асыру. Азаматтардың өтініштерін қарау жұмысын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін прокуратура алаңында орталықтар ашылып, онда бір топ кәсіби мамандар (прокурор, адвокат, медиатор, нотариус, психолог, пробация қызметі мен әкімдік өкілдері) тегін көпсалалы құқықтық көмек көрсететін болады. Бұл Ұлт жоспарының 100-ші қадамынан бастау алып,  құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде шоғырландыруды көздейді.

Дәл осы күні Бас прокуратурада Құқық қорғау қызметтері орталығының ашылуы болып өтті (бұдан әрі - Орталық).

Орталық Бас прокуратура ғимаратында орналасты. Оның жалпы ауданы мың шаршы метрге жуық алаңынды қамтып, заманауи инженерлік-техникалық жабдықтармен, электрондық кезек жүйесімен, «Connection Point» өз-өзіне қызмет көрсету секторымен, сондай-ақ күту залы және өзге де қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. 

Аталған Орталықта азаматтарға тәжірибелі прокурорлар құқықтық көмек көрсетеді. Азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы әрі тиімді шешу үшін бұл жұмысқа өзге де заңгерлер тартылады (адвокаттар, медиаторлар, нотариустар, пробация қызметкерлері және т.б.).

Орталықтың басты мақсаты - азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқығын жедел түрде қорғау.

Анықтама: Бас прокуратураның  2017 жылдың 6 айындағы елдегі заңдылықты қамтамасыз ету бойынша мәлімет https://goo.gl/Gb2BPh сілтемесінде және осы аралықтағы жобаларының алдын ала нәтижелері жайлы толық ақпарат https://goo.gl/mWTJqyсілтемесінде орналастырылған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.