You are here

Бас прокуратура Комитетінің 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы туралы (Астана қаласы, 2017 жылғы 27 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Комитетінің алқа отырысы өтті. 2016 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланды және алдағы кезеңге жоспарланған тапсырмалар белгіленді.

Қадағалау ведомствосының басшысы Сәуле Айтпаеваға атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіріп, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ ұжымға Елбасының өкімімен тағайындалған Комитет төрағасы Бағдат Мусинді таныстырды.

Бас Прокурор атап өткендей, жұмыстың әдіс-тәсілін, ой-өрісті түбегейлі өзгерту және халықтың сенімін ақтау үшін көптеген нәрселерді жүзеге асыру қажет.

Қоғам үшін ең маңызды әрі сезімтал сала - қылмыстық процесті жетілдіру, ал бұл ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты, құқық қорғау органдарының алдындағы басты міндет – электрондық қылмыстық істі енгізу, бұл қылмыстық процесті жеңілдетіп, жылдамдатуға көмегін тигізеді.

Қадағалау ведомствосы басшысының пікірі бойынша цифрлық форматқа көшу айқындылықты арттырып, құжаттарды беру және алу мерзімдерін, пошталық шығындарды қысқартады, қағаз жазбаларды болдырмайды. Электрондық қылмыстық іс бойынша процеске қатысушылар барлық процесуалдық әрекеттерді онлайн-режимінде бақылап отыра алады.

Прокуратура органдарындағы іс жүргізу жұмысын атқару процесін өзгерту және жеңілдету Комитеттің келесі өзекті бағыты болып белгіленді.

Сондай-ақ, қолданыстағы жобалар мен құрылған ақпараттық жүйелерді жетілдіруге бағытталған, сондай-ақ прокуратура органдарының қызметін одан әрі автоматтандыру бойынша бірқатар міндеттер белгіленді.

Сонымен қатар ол жұмыс әдістерінің өзгеруі және қоғамды әуреге салатын мәселелерді соңына дейін шешу үшін заманауи менеджменттің кейбір элементтері енгізілгендігі туралы айтып өтті.

Комитет төрағасы Бағдат Мусин артылған сенім үшін Елбасына және Бас Прокурорға алғысын білдіріп, Комитет алдына қойылған міндеттердің салмақты екендігін атап өтті, алайда осындай қызығушылық тудыратын жобалар тұрғанда ол құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ұжымымен бірге бар күш-жігерін салып, оларды жүзеге асыруға бел буғандығы жайлы айтты.

Алқа отырысында жеке өзекті мәселелер бойынша жұмыс жағдайы жайлы айтылды. Ол туралы Комитет төрағасының орынбасарлары Сәбит Нұрлыбай, Ерғали Мабиев және Болат Тазабеков айтып өтті.

Алқа отырысының қорытындылары бойынша Бас Прокурор Жақып Асанов қойылған міндеттердің тиімді жүзеге асуын, жұмыс тиімділігінің басты индикаторы ретінде халықтың сенімін арттыруға қатысты тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасы

Комитетінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.