«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

You are here

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

02.08.2018 ж. жалпы конкурс жариялау

 

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті» (010000, Астана қ-сы, Мәскеу көшесі, 34, №315 кабинет, телефон: 8 (701) 9085235, электрондық мекенжай: 7175196@kgp.kz) прокуратура органдары жүйесінің мемлекеттік қызметкерлер арасында «Б» корпусының  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының бас сарапшысы (С-4 санаты, 2 бірлік)».

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138 213,57 тг.

186 526,38 тг.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Кәсіптік біліктілік: Қазақстан Республикасының Атазаңын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Заң, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң, «Құқықтық актілер туралы» Заң, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң, осы санат бойынша аталған лауазымның мамандандыруға сәйкес қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Осы лауазым бойынша фунцианалдық міндеттемелерді орындауға қажетті басқада міндетті  білімдер.

Қызметтік міндеттер:
1.Топтың бас сарапшысының қызметтік міндеттері, 1 бірлік:

- мемлекеттік сатып алулар туралы ҚР Заңымен көзделген тәсілдермен Комитетте мемлекеттік сатып алулар, жұмыстарды және көрсететін қызметтер бойынша жұмыстарды жүргізу;

-- конкурстар, аукциондар ұйымдастырумен және өткізумен байланысты жұмыстарды орындау (конкурстық және аукциондық жобаларды, конкурстық комиссияны құру, сарапшыларды және сараптамалық комиссияны, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін және тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын бекіту туралы бұйрықтарды әзірлеу және т.б.);

- конкурстар мен ауциондарды ұйымдастыру және жүргізу кезінде конкурстық және аукциондық комиссия хатшысының қызметін орындау;

-  сатып алу туралы ақпараттарды дайындау және орналастыруды жүзеге асыру, ол бойынша орындаушы болып табылатын веб-порталдағы Қазақстан Республикасындағы сатып алулар;

- мемлекеттік сатып алу саласында есеп, талдау, қортынды дайындауды жүзеге асыру;

- заң жобаларын, Президент және Үкімет, өкілетті басқа мемлекеттік органдарының, Бас Прокурордың, Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру сұрағы бойынша Комитет Төрағасының актілерінің жобаларын қарау және ұсыныстар мен ескертулер енгізу, мемлекеттік сатып алу бойынша қабылданған нормативтік актілер бойынша Бас прокуратураға, өкілетті органдарға және басқа да мемлекеттік органдарға ұсыныстар және ескертулер енгізу;

- мемлекеттік сатып алулар сұрағы бойынша Комитет Төрағасы және оның орынбасарларының атына қызметтік жазба дайындауды жүзеге асыру;

- алдағы жоспарлы кезеңге Комитеттің бюджеттік сұранымын қалыптастыруда Комитеттің орталық аппараты бойынша сатылып алынатын тауарлардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің тұтынылуы және көлемі бойынша ұсыныс енгізу;

- мемлекеттік сатып алулар сұрағы бойынша Комитеттің аумақтық басқармаларына әдістемелік және іс жүзіндегі көмек көрсету;

- орындаушысы болып табылатын жасасқан шарттардың талаптарын жабдықтаушылардың орындауын бақылау жасау;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуы веб-порталдағы келісім шарттар тізімдемесіне мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпаратты толтыру;

- Бас прокуратура, Қаржы департаменті басшыларының  хатын (сұрауын), тапсырмасын орындау, ақпараттандыру және ҚР БП ақпараттық ресурсын қорғау, өкілетті және басқа мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, Комитеттің және Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік сатып алу сұрағы бойынша хаттарын және сұрауларын орындау;

- қызметтік құжаттардың сақталуына, олардың уақытында іс жүргізу ісіне өткізілуіне дербес жауап беру;

- жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап беру.

 

 

 

 

С-4* мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының 14 тармағына сәйкес):

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)      3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)      бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)      еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)      құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)      конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

02.08.2018 жыл

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.