You are here

Азаматтардың өтініштерін қарау саласында өткізілген жиналыс туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 28 қарашасы, Астана қаласы. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Төраға орынбасары Абу-Али Саттардың төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында Комитетте және оның аумақтық басқармаларында 2017 жылғы 10 айдағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстардың ұйымдастырылу мәселелері талқыланды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың сапасына және оларды шешу мерзiмдерiнiң сақталуына ерекше назар аударылады.

Комитет аумақтық басқармаларының жекелеген басшыларының есептері тыңдалды.

Бұдан басқа, Комитеттің аумақтық басқармалары басшыларының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу Ережелеріне өзгерістер енгізу жайлы ұсыныстары талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Абу Али Саттар Комитеттің аумақтық басқармаларына осы бағыттағы шараларды күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

 

Комитеттің Баспасөз қызметі

316758

press@kgp.kz

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.