You are here

Азаматтардың өтініштерін қарау саласында қолданылатын шаралдар туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Азаматтардың өтініштерін қарау  саласында қолданылатын шаралдар туралы - 507824895

2017 жылдың 9 қарашасы Өскемен қаласы. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен азаматтардың өтінштерін қарау саласында қызметтерді жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жалғасуда.

Бүгін Комитет Төрағасының орынбасары Абу – Али Саттар Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы және Өскемен қаласының Әкімдігімен азаматтардың заңды мүдделерін сақтау және олардың арыздарына тиімді жауап беру механизімін құру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Қоғамның тиімді арыздары» жобасын жүзеге асыру шегінде облыс аумағында «Азаматтар үшін Qamqor» мобильдік қосымшасы арқылы тұлғалардың өтініштерін қабылдау бойынша пилоттық жоба қолданысқа жіберілді.

«Азаматтар үшін Qamqor» мобильдік қосымшасы – азамат пен мемлекет арасындағы жедел құрал болып табылады. Бұл қосымша азаматтың өтінішін, тіпті егер ол қай мемлекеттік орган бұл немесе басқа мәселелерге жауап беретіндігін білмесе де, өтініштің тиісті мекен-жайына жетуіне мүмкүндік береді, сондай-ақ, геолокациясын анықтай отырып өтінішке фото, бейне материалдары қоса жапсыру мүмкүндігі бар.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініштерін бере алады.

«Қоғамның тиімді арыздары» жобасы бойынша қолданылатын шаралар қол жетімділікті, айқындылықты, азаматтардың құқықтарын қорғау процедураларының әуре-сараңын қысқартуды және жылдамдатуды қамтамасыз етеді, өтініштерді жолдауға қаражаттарды және адамдардың ресурстарының шашылуын жояды. 

Комитеттің Баспасөз қызметі

press@kgp.kz

316758

 

 

Азаматтардың өтініштерін қарау  саласында қолданылатын шаралдар туралы - 1632572727
Азаматтардың өтініштерін қарау  саласында қолданылатын шаралдар туралы - 1603979140
Азаматтардың өтініштерін қарау  саласында қолданылатын шаралдар туралы - 1518913280

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.