You are here

Атырауда мектеп оқушылары арасында кіші футболдан Басқарма бастығы жүлдесіне турнир өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына, Тұңғыш Президент күніне және прокуратура органдарының құрылған күніне орай Комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасымен мектеп оқушылары арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды.

Жарысқа Атырау қаласындағы №3 мектеп гимназиясының 8, 9, 10 сынып оқушылары арасынан 8 команда құрамы қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша 10-А сыныбы өз қарсыластары 10-Д сынып оқушыларын финалда жеңіп, бірінші орынға ие болды.

Басқарма бастығы Нұрлан Ахметбаев жеңімпаздарға кубогты табыстап, жүлделі орындарға ие болған командаларды медалдармен, грамоталармен салтанатты түрде марапаттады.

Басқарма грамоталарымен Н.Тоқтаров үздік ойыншы, Р.Краснов үздік шабуылшы, Э.Насенков үздік қақпашы, В.Грабко үздік қорғаушы номинацияларымен ерекшеленді, сондай-ақ белсенді түрде қатысқаны үшін барлық командалар марапатталды.

Кіші сыныптың оқушылары көрермендерге ән мен биден шашу шашып, концерттік бағдарлама көрсетті.

Аталған жарыстың мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту. Сонымен қатар, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының білім беру мекемелерімен өзара әрекеттесуін одан әрі күшейту, жастардың құқық қорғау органдарға деген оң қозқарасын  нығайта түсу.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Комитетінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.