You are here

Атырау облысының әкімдігімен азаматтардың өтініштерін қарау саласында Меморандумға қол қойылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысының әкімдігімен азаматтардың өтініштерін қарау саласында Меморандумға қол қойылды - 925624597

2017 жылдың 24 қарашасы Атырау қаласы. Бүгін Комитет Төрағасының орынбасары Абу – Али Саттар Атырау облысының әкімдігімен азаматтардың заңды мүдделерін сақтау және олардың арыздарына тиімді жауап беру механизімін құру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Қоғамның тиімді арыздары» жобасын жүзеге асыру шегінде облыс аумағында «Азаматтар үшін Qamqor» мобильдік қосымшасы арқылы тұлғалардың өтініштерін қабылдау бойынша пилоттық жоба қолданысқа жіберілді.

«Азаматтар үшін Qamqor» мобильдік қосымшасы – азамат пен мемлекет арасындағы жедел құрал болып табылады. Бұл қосымша азаматтың өтінішін, тіпті егер ол қай мемлекеттік орган бұл немесе басқа мәселелерге жауап беретіндігін білмесе де, өтініштің тиісті мекен-жайына жетуіне мүмкүндік береді, сондай-ақ, геолокациясын анықтай отырып өтінішке фото, бейне материалдары қоса жапсыру мүмкүндігі бар.

Бұл жоба сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жүзеге асырылуда. Аз уақыт ішінде 700-дей азамат көкейтесті сұрақтарын мобильдік қосымша арқылы жолдап шешті.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылады және жақын уақытта мемлекеттің барлық өңірлерін жобаға қосу жоспарлануда. Жалпы «Қоғамның тиімді арыздары» жобасы бойынша қолданылатын шаралар қол жетімділікті, айқындылықты, азаматтардың құқықтарын қорғау процедураларының әуре-сараңын қысқартуды және жылдамдатуды қамтамасыз етеді, өтініштерді жолдауға қаражаттарды және адамдардың ресурстарының шашылуын жояды. 

Комитеттің Баспасөз қызметі

press@kgp.kz

316758

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.