You are here

Аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу туралы хабарлама

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ МЕН АУМАҚТЫҚ БАСҚАРМАЛАРДЫҢ ББК БОЙЫНША АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

(Алматы қ., Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстары)

 

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Астана қ., Мәскеу көшесі, 34, байланыс телефондары: 8-7142-31-78-10) 2017 жылдың 13 шілдесі сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының бастығы Ерәділ Қалидулұлы Ахметовті, Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасы ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Қадыржан Бауыржанұлы Жаркеновті,  Комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің бастығы Ренат Вазирович Зулхаировты, Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Әлжан Беганұлы Құлмановты, Комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Мұратбек Ессемұлы Ержановты, Комитеттің Ақмола облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Ляззат Айтбайқызы Құдабаеваны, Комитеттің Қостанай облысы бойынша басқармасы бөлімінің бастығы Светлана Михайловна Доронкинаны, Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасы ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің аға прокуроры Қанат Бақыткәрімұлы Дүйсебаевті, Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасы талдау жұмысы бөлімінің аға прокуроры Сәуле Ильинична Сисеневаны, Комитеттің арнайы есепке алу басқармасы дактилоскопиялық және тегі бойынша есепке алу бөлімінің аға прокуроры Динара Нұрқанқызы Абылғазинаны, Комитеттің ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасының кадр жұмысы бөлімінің аға прокуроры Сандуғаш Уатқызы Қайырбекованы, Комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу бөлімінің аға прокуроры Әсем Мерекеқызы Ескенованы, Комитеттің арнайы есепке алу басқармасы іздестіруді есепке алу тобының аға прокуроры Ясмина Митхатқызы Кайлюкованы, Комитеттің ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасының ұйымдастыру-бақылау жұмысы және іс жүргізу бөілімінің аға прокуроры Манарбек Сәлімжанұлы Хасеновті, Комитеттің арнайы есепке алу басқармасы арнайы қорларды қалыптастыру және мұрағаттық ақпарат беру тобының аға прокуроры Несібелі Серікбайқызы Үсенбаеваны, Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасы талдау жұмысы бөлімінің прокуроры Ержан Сүлейменұлы Жұмабековті, Комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің прокуроры Виктор Анатольевич Красноусовты, Комитеттің арнайы есепке алу басқармасы іздестіруді есепке алу тобының прокуроры Тілеген Төлегенұлы Мұқатаевты аттестаттаудан өткізу жөніндегі аттестаттау комиссиясының отырысы өтетіндігі туралы хабарлайды.

Аттестаттау комиссиясы жұмысының айқындылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында үш байқаушы қатысуы мүмкін, Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бақылаушы бола алады.

Аттестаттау комиссиясының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін тұлға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ оның қоғамдық бірлестікке қатыстылығын растайтын құжаттардың көшірмелерін бере отырып, 2-қосымшаға сәйкес нысанда жазбаша өтініш беруі қажет.

Өтініш аттестаттау комиссиясының отырысына дейін осы хабарлама жарияланғаннан кейін, алайда оның басталуына дейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Байқаушы ретінде қатысуға өтініш білдірген тұлғаларды аттестаттау комиссиясының отырысына қатысуға жіберу немесе жібермеу туралы хабарламаны кадр қызметі жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан республикасы

құқық қорғау органдарының

қызметкерлерін аттестаттаудан

өткізу туралы үлгі ережеге

2-ҚОСЫМША

 

 

                                                                   ҚР БП ҚСжАЕК

                                                                   аттестаттау комиссиясының

                                                                   төрағасы

                                                                   аға әділет кеңесшісі

                                                                   М.Қ. Хамитовке

 

 

Байқаушы ретінде

қатысуға өтініш

 

Сізден мені 2017 жылдың 13 шілдесі сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін өткізілетін ҚР БП ҚСжАЕК аттестаттау комиссиясының отырысына байқаушы ретінде қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

Лауазымы                                               __________                                    Т.А.Ә.

     қолы

 

 

Байланыс деректері:

Телефон: ………….

E-mail: ………………

Мекенжай: ……………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан республикасы

құқық қорғау органдарының

қызметкерлерін аттестаттаудан

өткізу туралы үлгі ережеге

3-ҚОСЫМША

 

Байқаушыға арналған жадуал

 

 

Байқаушы:

1) аттестатталуышылар туралы ақпаратпен танысуға;

2) әңгімелесуге олармен бірге қатысуға;

3) әңгімелесу аяқталғаннан оны өткізу барысы туралы өзінің пікірін айтуға;

4) әңгімелесуді жүргізу барысында жалпы баға беруге;

5) аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға;

6) мемлекеттік органның басшылығына аттестаттау комиссиясының жұмысы туралы өзінің пікірін жазбаша түрде ұсынуға құқылы.

 

Байқаушы:

1) аттестатталушылардың дербес деректерін жария етуге;

2) әңгімелесуді өткізу барысында араласуға , аттестаттау комиссиясы отырысының барысына бөгет жасауға;

3) аттестатталушыларға қандай да бір көмек көрсетуге;

4) аттестаттау комиссиясының мүшелері шешім шығарған кезде оларға ықпал етуге;

5) жекелеген аттестатталушылар туралы, олардың жеке басының қасиеттері туралы жария түрде пікірін білдіруге немесе бағалауға құқылы емес.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.