You are here

Астаналық оқушыларға прокуратураның геоақпараттық жүйелерін көрсетті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«ҚСжАЕК- әрбір үйге» жобасы аясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілетті прокурорлары халықпен, студенттер және мектеп оқушыларымен кездесулер өткізуде.

Осындай кездесулердің бірі жақын күндерде астаналық Экономикалық лицейде өтті. Кездесуде лицей оқушыларына компьютер мен смартфон арқылы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық қызметтерінің мүмкіндіктері көрсетіліп, таныстырылды.

Дәл осы мектеп жасындағы балалар мен жастар күнделікті өмірде ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана отырып, заманауи гаждеттерді белсенді қолдануға тезірек ынталанып, қызығушылық танытатындығы баршамызға белгілі.

Комитеттің сайтындағы геоақпараттық жүйелер, атап айтқанда қылмыстық құқық бұзушылық немесе қылмыстылық картасы, сондай-ақ апаттылық картасы және кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты жыныстық сипаттағы күш қолданған адамдардың карталары жастардың қызығылушығын арта түсті.

 Барлық карталардың ерекшелігі мен мақсаты – көшелер мен үйлер бойынша нақты уақыт режимінде қылмыстар мен жол көлік оқиғалары туралы мәліметтерді көрсету, сонымен қатар олардың көмегімен өз үйіне, мектебіне, болмаса кез-келген жерге дейін қауіпсіз жолды таңдау мүмкіндігінің болуы.

Сондай-ақ, оқушылар  адамның іздеуде екендігін қалай тексеретіндігі, полицияға арыз беруде және оның қаралуын бақылау жасауда туыстары мен жақындарына қандай көмек беруге болатындығы, олардың төленбеген айыппұлдары туралы біліп, оны қалай төлеуге болатындығы жайлы ақпарат алды.

Кездесу барысында прокурорлар сервистер бойынша туындаған сұрақтарға жауап бере отырып, сондай-ақ прокуратура органдары жұмысының ерекшеліктері туралы айтып өтті.

Кездесуді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасының прокурорлары Дархан Төкеев пен Айбек Барқытов өткізді.

Әрбір интернет қолданушы http://service.pravstat.kz  сілтемесі арқылы Комитеттің ақпараттық сервистерінің барлық мүмкіндіктерін жеңіл әрі жылдам қолдана алады.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.