You are here

Алматы қаласының пәтерлер иелері кооперативі мен жергілікті полиция қызметі өкілдерімен кездесу өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасында алдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға және жүргізіліп жатқан «Комитет – әр үйге» жұмыс жобасына байланысты   Комитет Төрағасының орынбасары Сәбит Нұрлыбай  пәтерлер иелері кооперативі мен жергілікті полиция қызметі өкілдерімен кездесу өткізді.

Бұл шара Комитеттің ақпараттық сервистерімен жалпы таныстыру және оның пайдалану ауқымын кеңейту мақсатында өткізілді.

Ашық диалог барысында С.Нұрлыбай келушілерді құқықтық статистика органдарының негізгі қызмет бағыттарымен таныстыра келіп, комитеттің оларды қызықтырған ақпараттық сервистерінің жұмыстарымен жете таныстырды. Қойылған сұрақтардың бәріне егжей-тегжейлі   жауап берілді.

Бұл сервистер туралы ақпараттарды жұртшылыққа кеңінен жеткізу мақсатында пәтер иелері кооперативтері мен жергілікті полиция қызмет өкілдеріне көп пәтерлі үйлердің кіреберістеріне орналастыру үшін плакаттар таратылып берілді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Комитетінің Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.