You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

Бизнеске қатысты заңсыз тексерулердің алдын алу

Республикамыздың алты мемлекеттік органдарымен (ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті, ДМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті, ИДМ индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, ЭМ атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті, ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасы және ҰҰ Бас қолбасшылығы) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі көмитетімен бірге келісе, 2018 жылдың 1 жарты жылдығына арналған ерекеше тәртіппен жүргізілетін тексерулер кестелері құрылды.

Пікірлер саны: 0

Комитет Төрағасы Алматы қаласында қызметтік жиналыс өткізді

2017 жылдың 29 қарашасы Алматы қаласы. Бүгін Комитет төрағасы Бағдат Мусин оңтүстік астанада іссапармен қызметтік кездесу өткізді.

Бұл кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Қызметтік кездесу барысында әкімшілік өндірістерді жүргізудің (ӘӨБТ) электрондық форматын енгізу бойынша Комитет жобаларын одан әрі жүзеге асыруға байланысты бірқатар мәселелер қаралды.

Пікірлер саны: 0

Азаматтардың өтініштерін қарау саласында өткізілген жиналыс туралы

2017 жылдың 28 қарашасы, Астана қаласы. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Төраға орынбасары Абу-Али Саттардың төрағалығымен жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында Комитетте және оның аумақтық басқармаларында 2017 жылғы 10 айдағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстардың ұйымдастырылу мәселелері талқыланды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың сапасына және оларды шешу мерзiмдерiнiң сақталуына ерекше назар аударылады.

Пікірлер саны: 0

Атырау облысының әкімдігімен азаматтардың өтініштерін қарау саласында Меморандумға қол қойылды

2017 жылдың 24 қарашасы Атырау қаласы. Бүгін Комитет Төрағасының орынбасары Абу – Али Саттар Атырау облысының әкімдігімен азаматтардың заңды мүдделерін сақтау және олардың арыздарына тиімді жауап беру механизімін құру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Пікірлер саны: 0

Мемлекеттік органдардың тексерулері бойынша өткен жиналыс туралы

2017 жылдың 13 қарашасы Астана қаласы. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Төрағаның орынбасары Абу-Али Саттардың төрағалығымен қадағалау және бақылау органдарының тексерулерін үйлестіру және есепке алу саласындағы және 2018 жылдан бастап пилотты түрде енгізілгелі жатқан Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілі (ТСОБТ - ЕРСОП) жүйесін енгізудегі проблемалық сұрақтары бойынша жұмысшы тобының кезекті жиналысы өтті.

Пікірлер саны: 0

Азаматтардың өтініштерін қарау саласында қолданылатын шаралдар туралы

2017 жылдың 9 қарашасы Өскемен қаласы. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен азаматтардың өтінштерін қарау саласында қызметтерді жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жалғасуда.

Пікірлер саны: 0

«Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2017 жылдың 9-29 қараша айлары аралығында «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсын өткізеді.

Конкурсты өткізу тәртібі мен талаптары «Электрондық қылмыстық іс» модулінің шаблондарын құру үшін  «Процестік құжаттардың үздік үлгілері» конкурсы туралы» Комитет Төрағасының 2017 жылғы 9 қарашадағы № 93 н/қ бұйрығымен бекітілді. 

 

«Электрондық қылмыстық іс»

Пікірлер саны: 0

ХҚКО-да азаматтардың өтініштерін қабылдау туралы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қоғамға тиімды шағым» атты жобасын жүзеге асыру бағдарламасы аясында 2017 жылдың 1-қарашасынан бастап мемлекеттік органдармен азаматтардың өтініштерін қабылдаудың балама жүйесін тәжірибеге енгізді.

Пікірлер саны: 0

Өзбек делегациясының келуі туралы БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

2017 жылғы 26 қазан, Астана. Қазақстанға ресми сапармен Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері келді.

Сапардың мақсаты құқық қорғау органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды енгізу бойынша Қазақстанның тәжірибесін зерттеу болды.

Пікірлер саны: 0

Құқықтық статистика және арнайы органдар қызметкерлерінің арасында өткен СПАРТАКИАДА

Ағымдағы жылдың қазан айының 20-21 күндері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті қызметкерлерінің арасында спорттың 7 түрі бойынша қорытынды жарыс өткізілді.

Іс-шара алдымыздағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні және Прокуратура органдарының құрылған күні мерекелерін тойлауға арналған.

Бұл іс-шарада қатысушылардың финалдағы керемет көңіл-күйі басты орын алды, Комитет сол үшін бірнеше ай аянбай еңбек етті.

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.