Сұрақ-жауап | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 45441
    Дата: 16.08.2018 19:00:48
    Аты-жөні: Мынбаева Фариза
    Сұрақ:
    Салеметсізбе!Сізден өтініп сұраймын!07.08.18ж.киви кошелек арқылы 87476730553 номеріне 100000 тг.ақшалай салып едік 3 күннін ішінде келеді деп айтты,содан кейін соткасын сөндіріп тастады.Қағаз жөнінде договор жасалған жоқ тек телефон арқылы жане ватсап пен олх интернет жүйесі арқылы сөйлесті.Аты-жөнін білмеймін,сізден көмек ретінде тауып беруінізді сұраймын.
    Жауап күні:
    22 тамыз, 2018 - 09:06
    Жауап:
    Ф.Б.Мыңбаеваға ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен Бас прокурордың блогына түскен сіздің өтінішіңіз қаралды (бұдан әрі -Комитет). Өтiнiшіңізде көрсетілген белгісіз тұлғаны іздеу мәселесі Комитеттің құзыретiне кiрмейді, осыған байланысты сізге ішкі істер органдарына жүгіну қажет. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес, сіз жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 44594
    Дата: 15.07.2018 00:12:26
    Аты-жөні: Утаркулов Габидулла
    Сұрақ:
    Ассалаумағалейкум! 2018 жылдың 9 шілде айында qamqor.gov.kz портал арқылы Ауезов РОВД-на электрондық түрде арыз түсіргенмін. Талон номері 180000005901701. Умиралиев Еркебулан есімді азамат 2017 жылдың сәуір айында -жер телімімнің құжаттарын жасап беремін деп қаражат алған. Сұраған соммасының жартысын тауып бердім. Өз үйіме келіп алды. Берген соммам-150 000 (150 мың теңге). Өз әйелім куә. Содан бері 50 000 (елу мың) теңгесін әзер төледі. Қалған 100 000 (жүз мың тенгесін) қайтармады. Ауезов РОВД-ың адамы(полицей Ердаулет есімі,тел: 8747 200 08 56) бір рет қана хабарласты. Ватсап арқылы Умиралиев Еркебуланның суретін жіберді-осы жігіт бе деп. Сосын Умиралиев Еркебуланның мекен жайын сұрастырды. Жобалап қағазға түсіріп жазып жібердім. Міне бүгін 6 (алты) тәулік уақыт өтті. Хабар жоқ. Тек бір рет қана хабарласқан- Умиралиев Еркебуланды РОВД-ға алып келдік деп. Содан беріп тым тырыс. Осы істі қадағалуыңызды сұраймын. Мүмкін бұл іс айтарлықтай үлкен шаруа емес шығар, бірақ осындай шаруадан басталады. Халық тапсырған шаруасын - полицей бітіре ме әлде жоқ ба деп үміттенеді. Сенім артады құзырлы орган адамдарына.
    Жауап күні:
    20 шілде, 2018 - 19:48
    Жауап:
    Габидулла Утаркуловқа Құрметті блог пайдаланушысы! Қазақстан Респупликасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша Басқармасы Сіздің өтінішіңізді қарап, келесідей хабарлайды. АҚ СДТБТ (ақпараттық қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай) базасына сәйкес Сіздің арызыңыз 10.07.2018ж. қаралып, Алматы қаласының Әуезов ауданының ІІБ-мен ҚР ҚК 190 бабы 1 тармағына сәйкес № 187513031003717 СДТБТ тіркелген және де қылмыстық іс өндірісте екенін хабарлайды. Қазіргі таңда қылмыстық іс Алматы қ. Әуезов ауданының ІІБ-мі алдын ала тергеу бөлімінің анықтаушысы Е.Еділбековтың қарауында. Қосымша мәлімет, аталған қылмыстық іс бойынша қоятын сұрақтарыңыз бар болған жағдайда Алматы қ. Әуезов ауданының ІІБ-міне хабарласуңызға болады (жұмыс тел.: 298 53 69, 298 53 55 анықтаушы Е.Еділбеков). Осы біздің жауабымызға келіспеген жағдайда сотқа шағымдануыңыға болады. Комитеттің Алматы қ. бойынша басқарма бастығы Е.Өтегенов Акназаров А. Мадиев Д.  8(727) 272-95-66,
  • Сұрақ №: 44592
    Дата: 14.07.2018 23:28:51
    Аты-жөні: Мұсабек Өркен
    Сұрақ:
    Армысыз, Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы! Менің 2018 жылғы 26 маусымдағы қойған сұрақтарыма көңіл қоя жауап бергендеріңізге алғысымды білдіремін. Мен IT-саласының маманы болғандықтан сіздерге қарасты сайттар туралы бірер сұрағым бар еді: 1. qamqor.gov.kz ашсам неге мемлекеттік тілде ашылмайды? Не үшін шетел тілін негізгі тіл ретінде қолданасыздар? 2. qamqor.gov.kz сайтының қазақ тілді нұсқасына кіріп қандай да бір мәліметті іздесем не үшін сайттарыңыз жартылай орыс тілінде ақпарат береді? 3. prokuror.gov.kz сайтының мобилді қосымшасы дұрыс істемей тұр, және онда да шетел тілі негізгі тіл ретінде пайдаланылған. Қазақ тілді нұсқасына қойғанда да қателіктер жартылай орыс тілінде ескертіледі. (Мендегі мобилді құрылғы - Iphone 6 Plus) Әрине, "Бұл - техникалық мәселе, оны біздің техникалық манмандар біледі..." дерсіздер, алайда, қадағалау сіздердің міндеттеріңіз деп санаймын. Менің сұрақтарыма нақты жауап береді деп сенемін, және сайттарыңызда кездескен олқылықтар тез арада оң шешімін табады деп сенемін.
    Жауап күні:
    20 шілде, 2018 - 16:58
    Жауап:
    Құрметті блог пайдаланушысы! Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі Комитет), Сіздің qamqor.gov.kz және prokuror.gov.kz порталдарындағы қателерді түзету туралы сұрауыңыз қаралды. Комитет порталдарының жұмысындағы Сіз көрсеткен кемшіліктер үшін алғысын білдіреді. Барлық көрсетілген сұрақтар бойынша кемшіліктерді жою үшін, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
  • Сұрақ №: 44452
    Дата: 10.07.2018 12:27:10
    Аты-жөні: Есенғазы Қаламқас
    Сұрақ:
    На сайте Комитета Правовой статистики и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан в разделе «Информационного сервиса «Qamqor» есть открытый доступ к проверке информации об административных правонарушениях, неоплаченных штрафах, с возможностью проверить факт оплаты штрафа через систему Казначейства Министерства финансов РК. В соответствии с пунктом 15 статьи 16 Закона РК «О доступе к информации» информация с ограниченным доступом не подлежит размещению на интернет-ресурсе обладателя информации. Вопрос: Является ли информация в разделе «Информационного сервиса «Qamqor» по учету административных правонарушений физических лиц общедоступной ?
    Жауап күні:
    19 шілде, 2018 - 08:58
    Жауап:
    Есенғазы Қ.Н. Уважаемый пользователь блога! Комитет по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, рассмотрев Ваше обращение сообщает следующее. В Информационном сервисе «Qamqor» в разделе «Узнай о своих штрафах» для получения сведений о совершенных административных правонарушениях, лицо вводит свой ИИН и номер документа, удостоверяющего личность, которые являются персональными данными и используются только владельцем. Таким образом, применение закрытой для общего доступа информации и известной только ее владельцу, обеспечивает сохранность сведений о совершении лицом административного правонарушения, и являются персональными данными, ограниченного доступа. Доступ третьих лиц к ним ограничен Правилами ведения и использования отдельных видов специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлекаемых к уголовной ответственности, лиц, привлеченных к уголовной ответственности за совершение уголовного правонарушения и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц, утвержденных приказом ГП РК от 27 февраля 2018 года № 29. В случае несогласия с представленным ответом, Вы вправе обжаловать его вышестоящему должностному лицу либо в суд (статья 12 Закона Республики Казахстан от 12 января 2007 года «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц»). Заместитель Председателя Б. Бекбауов исп. Кулманова К.Б. тел. 316268
  • Сұрақ №: 44095
    Дата: 26.06.2018 12:40:39
    Аты-жөні: Мұсабек Өркен
    Сұрақ:
    Армысыз, Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы! Мен былтыры, яғни 2017 жылы төлеген айыппұлым базадан өшпей мазамды алды, сосын жеке тұлғаға айыппұл жазылғада оған ескертілмейді, сондықтан уақтылы айыппұл төлей алмаймыз. Ең бастысы сіздердің сайттарыңыз дұрыс жұмыс істемейді, айыппұл бар ма жоқ па білу қиын, болса да төлеу қиын. Сіздер тарапынан кездесетін техникалық олқылықтар қашан шешім табар екен? (Мысалы айыппұл жазылған сәтте СМС хабарлама арқылы ескерту келсе және кез-келген банктің онлайн жүйесі арқылы төлей алсақ және төленген айыппұл сол сәтте базадан жойылып азаматтардың мазасын алмаса...)
    Жауап күні:
    10 шілде, 2018 - 08:54
    Жауап:
    Ө. Мұсабекке Құрметті блог қолданушы! Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай – Комитет) Сіздің әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде мәліметтер туралы өтінішіңізді қарады. Комитетпен «Біріңғай әкімшілік тізілімдер өндірісі» (одан әрі – ӘӨБТ) жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаның мақсаты азаматтарға әкімшілік айппұлдарды тез және ыңғайлы төлеулері үшін жағдай жасау, сонымен қатар, әкімшілік өндірістің хаттама жасалған сәтінен бастап және барлық салынған шектеулердің күшін жоя отырып, төленген айыппұлдың автоматты түрде алынуына дейінгі процестің толық автоматтандырылуы болып табылады. Жоба аясында, 2017 жылдың маусым айынан бастап жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесі тәртібін бұзғаны үшін электронды хаттамаларды ӘӨБТ мобильдік қосымша арқылы мобильді құрылғыларда - планшеттерде рәсімдейді. Рәсімделген хаттамалар бірден Комитеттің базасына түседі. ӘӨБТ жобасының шеңберінде азаматтарды фото және бейне фиксация жүйелерінде тіркелген әкімшілік айыппұлдар туралы хабарлау ақпараттық-коммуникациялық жолмен іске асырылуда. POS – терминалы арқылы хаттаманы ресімдеу орнында бірден айыппұлды төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, айыппұлды «Казпочта» АҚ, екінші деңгейлі банктерде, Комитеттің «qamqor.gov.kz» сайтында және электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы төлеу мүмкіндігіңіз барын хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген негіздермен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді хабарлаймыз (2007 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабына сәйкес). Төрағаның орынбасары Б. Бекбауов исп. Қ.Б.Құлманова тел. 31-62-68

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.